Үлкен кұрылтай

Құрылтай әрбiр екi жылда бір Мажарстанда өткізілетін ең iрi мереке және ежелгi мадияр, ғұн мәдениетi, көшпендiлер дала мәдениетiнiң көрсетілімі болып табылады. 2010 жылдан бастап әлемдегi дәстүрлердi сақтауға арналған ең ірі мерекелерiнiң бiрі болып табылады.

2010 жылы құрылтайда 3 мыңнан астам дәстүр сақтаушы (жүздеген салт атты) қатысты. 135 киiз үй тігілді. Үш күннiң iшiнде 42 бағдарлама өткізілді, оның ішінде:әскери көрсетілімдер, жауынгерлiк ойындар, садақпен ату, бәйге, музыкалық концерттер. Бугац қалашығының қасындағы далада басты күні 140 мыңнан астам қонақ (үш күн ішінде 220 мың қонақ) болды.
Еске алулар және сакралды бағдарламалар ежелгi мадияр дiнiнiң салты бойынша жүрдi. Дабылдар ойыны естіліп, бақсылық салттар жүргiзiлдi. Мадиярлардың ежелгi дiнi бақсылық сенiмнен шыққан, тәңiрiге табыну болып табылады.

Мадиярлар және мадияр дәстүрлерiн сақтаушылармен қатар, өзiн ғұндар немесе түрiк деп санайтын халықтар да өз мәдениетін көрсете алды.

2012 жылы Кұрылтай өткiзілу орны Будапешттен оңтүстiк-шығысқа 170 км (Бач-Кишкун облысы,Орталық Венгрия) Бугац қалашығы.

Мерекенің өткiзілу күндері: 2012 жыл10-11-12 тамыз.

Бұл шаралар (44 бағдарлама) тегiн және мадиярлардың, скифтердiң көне дүниесін көрсететiн археологиялық, антропологиялық көрмелер тегiн. Шығыс және халық музыкалық концерттер де тегiн өткізіледі.
Мерекенің өткiзілу орнынан тiкелей жақындықта қымбат емес Кемпингтер болады(душ және жылжымалы дәретханамен жабдықталған)онда шатырларда тұруға болады (қонақтар шатырды өздерi әкелуi керек) .
Автокөлікті төлемі арзан, қашық емес,қорғалатын жерде қоюға болады.

Мадиярлар есінде орталық Азия ылғи ата қоныспен теңдестірілді, көне ғасырлардан бері мадиярлар өздерінің тегін тап осы аймақпен байланыстырды. Бірақ ғылыми ортада әлі күнге дейін халықтың этногенезисы туралы ортақ ой жоқ. Осы жайлы ғалымдар арасында пікірталастар 19 ғасырдың ортасынан бастап жүріп жатыр.Өткен жарты ғасырда, әсіресе коммунистік билік жылдары, ғылыми деректерге қарамастан мадиярлардың финн-угорлық шығу тегінің теориясы басым болды. Дегенмен,археологиялық,этнографиялық, антропологиялық және тіл зерттеу нәтижелері оның ашық түрде жасанды және байлаулы екенін айғақтады. Қазіргі уақытты ғалымдардың көпшілігі, әсіресе археологтар және антропологтар, мадиярлардың антропологиясы, мәдениетінің түркі халыктармен көп ортақ нәрсе бар екен деген пікірлері үйлеседі. Ол тұтастай ұлы даланың әдет-ғұрпымен байланысты, скиф, ғұн,авар және ортазияның далаларын мекендеген халыктардың мәдениетімен көп ортақтастық бар.

Мадиярлар тарихында ең маңызды уақиғалардың бірі мадиярлардың 10 ғасырда карпат аймағын қоныстауы болып табылады. Халықтың жадында ата-бабларының қазіргі Венгрияның аумағына қоныс аударуы және Еуропаның жүрегінде мың жылдық мемлекет құруы – „Ата-мекен табу ” атауын алды. Көшпенді халыктардың арасында мадиярлар әлеуметтік арада ең батысшыл болды, мынадай халықтың көпшілігі сияқты, олардың қоғамы ру-тайпалық құрылыммен ажыратылды.Қазір мадиярлар біртұтас халық. Мадияр тайпаларының бірлесуі Арпад хан билігі кезінде өтті. Арпад хан – мадиярлардың қоныс аудару идеясымен рухтандырушы, Мадияр мемлекетін құрушы және елді көп жылдары билеген Арпад хан әулетінің негіздеушісі. Тап оның билігі кезінде, мадиярлардың бірлесуіне, мемлекет құруына негіз болған көкейтесті ” қанды келісім-шартқа” қол қойылды. Қазіргі кездерге дейін Арпад басты тарихи тұлға, күштің және ұлттық бірлігтің символы болып табылады! Осы билеуші және оның ұрпақтары атымен тарихтың ең жарқын беттерін байланыстырады.

Шығыста қалған руластарды iздестiру “Ата-мекен табу”заманынан басталған, мадиярлар мен көшпенді туыс рулар арасындағы қарым-қатынастар тоқтатылмады. Этникалық ұқсастылық табу мақсатымен жасалған зерттеулерге ғалымдар ғана емес, мадиярлар қоғамы да өз мүддесін ұсынды.
Түрiк халықтардың үлкен Кұрылтайының алғышартына Биро Жолт Андраштың-мадияр антропологы, мадияр табиғаттану мұражайының антропологиялық бөлiмшесiнiң зерттеушiсінің Қазақстандағы ғылыми экспедициялары қызмет еттi. 2006 жылдың экспедициясы кезінде жиналған мәлiметтер және (Y хромосомасы) ДНК талдау, қазақтың мадияр руы мен венгрлердiң арасындағы этнонимдық ұқсастық қана емес, генезис ұқсастығы да бар болатынына дәлел болды. Зерттеу нәтижелер әлемiнiң ең беделдi ғылыми журналдарының бiрi American Journal of Physical Anthropology беттерінде жарияланған. Мақала үлкен халықаралық пікір айтысты шақыртты.

Андраш Биро 2007 жылдың желтоқсанында Қазақстанының мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың қолынан мемлекеттік сыйлық алды.

2007 жылы Қазақстанда Биро Жолт Андраш басшылығымен мадияр делегациясы қатысуымен бiрiншi құрылтай өтті.

Торғайдан қайтып келгеннен кейін, 2008-шi жылда мадияр делегаттар Венгриядағы бiрiншi ру жиналысын ұйымдастырды. Қазақстандық мадияр руының өкілдері құрметтi қонақтар ретiнде шақырылды. 80-нен астам ата-мұра сақтаушы фондтардың жұмысында бұрында көрiнбеген ұйымдастық болды. Киіз үйлер тігіліп, шабандоздар, садақшылардың белсендi қатысуымен, сансыз тарихи және мәдени бағдарламалар жүргiзiлдi. Кұрылтай кеңесi 2010-шi жылы барлық ғұн-түрік халқы делегациясының кездесуін ұымдастырды. Бұл конгресс жоғарғы деңгейде, ұйымдастық рухымен өтті. Форумды өткiзу үшiн жүзден астам киiз үйден тұратын лагерь орнатылды. Тарихи-мәдени сипаттағы сахналандырылған көріністерде мыңдаған шабандоздар,атты жауынгерлер,садақшылар қатысты. Тоқсан мың адам орасан зор оқиғаның көрерменi болды.
Мерекеге әдейi диаметрі 188 см әлемдегі ең үлкен дабыл iстелген.Ол Кұрылтайда салттық алауды тұтандыру кезінде тұңғыш рет естiлген. Оны Кишкунмайша қаласының былғары өңдеуiнің шебері Шандор Балог iстеп шығарған. „Ата-бабалар қадірлі киiз үйінде” қонақтар антропологиялық қалпына келтiру нәтижесінде мадияр елі ата-мекен тапқан заман кезіндегі жауынгердің бет-келбетін көре алды. Мадиярлар ата-бабаларының тұрмыс-салты, жерлеу ырымдары туралы түсінікті- ” Ин Шиту ” алтын әшекейлерiмен бірге атты жауынгердiң жерлеуi бердi .

Киiз үйдi тұрмысын түзеуге Феледьхаза қаласының Кишкун мұражайының , Кечкемет қаласының Катон Йожефiнiң атындағы мұражайдың, Халаши қаласының Йожеф Тхорма атындағы мұражай және Табиғи ғылымдардың мұражай қызметкерлерi көмектестi. Көрменi 3 күнде он мыңдай адам көрді.

Мұралар зерттеу бойынша үлкен жұмысты ұста Жолт Келемен өткiзді. Ол және оның қызметкерлерi алдақашан ұмытылған, Карпат жерінде VI-VII-шi ғасырда өмiр сүрген аварлар қолданған сауыт жасау технологияларды қалпына келтiре алды.

Көне әскери қару-жарақ зерттеуші тарихшылардың мәлiметі бойынша, скифтер қабыршақ тәрiздi сауыттарды киген. Ғұндар және аварлар сауыттарын тілімшелелерден жасады. Келемен мұндай қорғайтын қару-жарақтың үлгiсiн жасаған, оны сынаулар кезіде оның мықтылығы соншама болды, тіпті қазiргi қару оғының атысын шыдаған. Бабаларымыздың металл өңдеу технологиясындағы өз дәуiрлерiн қаншалықты озғанына тек таң қалуға болады. Мұндай сауыттың құны 10.000 USDке дейiн бағаланады, мадияр ұсталарына бұдан басқа мадияр жауынгерiнiң жабдығын, дулығадан үзенгiге дейін қалпына келтіруіне сәтi түстi – бұл еуразияда сирек кездесетiн жұмыс.

Садақшылардың көріністері тамаша болды. Кұрылтайда дәстүрлi садақпен атудағы әлемдiк рекорд орнатылды. Бұл сайыс түріндегі ең жақсы нәтиже Шыңғыс Хан жеңiсіне арналған мерекеде , садақшы Ешункхеи 1226 жылда орнатты. Оның атысы жебенi 502,5 м қашықтыққа алып жүрдi.

Осы садақшының есімі „Шынғыс-хан тасы „атты ескерткіште Санкт-Петербургтің Эрмитажында сақталған. 2010 жылдың көктемінде Йожеф Монуш және Чаба Грозер осы орта ғасырдың рекордын озды,оқты 508,74 м-ге жіберді. Құрултайда Монуш Йожеф өзінің рекордын басты, садақты 603 метрге жіберді.

Кұрылтай Қарпаттан бастап Алтайға дейінгі халықтардың бірлігін, туыстығын бейнелеу болды. Бұл халықтар өткен мыңдаған жылдардағыдай ұлы Аттила, Баян-қаган, Мадияр баба, Қарцаг сияқты арғы аталарын құрметтеп, бiрге еске алды. Сол кездесу бірегей және тарихи маңызды болды. Біздің тарихымыз ұлы көсемдердің тайпалық жиынының замандарынан осыншама ауқымды іс-шараның мысалын әлі білмеді.

Кұрылтай делегаттары „қазақтар, қырғыздар, өзбектер, түрiктер, әзiрбайжандар, ұйғырлар, якуттар, болгарлар, башқұрттар, маңғолдар, мадиярлар, татарлар, түрiкмендер, чуваштар, гагауздар, жапондықтар көк аспанның бата беруімен-бауырлар!”- болғанын жариялайтын тарихи құжатқа қол қойды. Бұл құжатқа жоғарыда көрсетiлген барлық этностартың өкiлдері қол қойды. Карпат мадиярлардың өкiлдерi туған жерінен әкелген топырақты Өмір ағашына қойды.

Фонд сайты
www.magyar-turan.hu
2006-шы жылдағы Биро АндрашЖолт экспедициясы Қазақстандағы мәдени және ғылыми өмiрге жақсы ықпал етті.
Айбек Накипов басшылығымен Ұлы Дала фонды құрылды. Мадияр Тұраны – Ұлы Дала қоры бауырлас ұйымдар болып табылады, және өз жұмыстарын үйлестiріп жүргізеді, соның iшiнде Кұрылтай ұйымдастыру жұмысы да ерекше орында.
Фонд сайты
www.greatsteppe.kz

Фондтың ұйымдастыру жұмысы қазірде барлық Қарпат жеріне жайылған. Тұран Кеңесі құрылды , ол-оның ішінде мұра сақтаушы ұйымдар, мөдениет танушы ұйымдар,ғылыми зерттеушілер және оның үйлескен жұмысының бірлестігі.
Фонд сайты
www.kurultaj.hu

Írja meg véleményét, észrevételét!

*