2026 жылғы халықаралық түркі-ғұн Құрылтайының ресми бағдарламасы (Мажарстан, Бугац). 2026. 08. 14-16. A Kurultaj – Magyar Törzsi Gyűlés kazak nyelvű program-ismertetője.
14 ТАМЫЗ, ЖҰМА
12:00 Қолөнер жәрмеңкесінің ашылуы
15:30 Сахна алаңында музыкалық шеру – концерттік бағдарламалардың басталуы
ЖАУЫНГЕРЛІК АЛАҢ
16:00 Бас дайындық (Көшпенділер шеруі – Көшпенділер үйлену тойы)
17:30 Әскери шерудің бас дайындығы
20:30 «Тұранның отты жауынгерлері» – ат үстінде өнер көрсету (Dabasi csikósok), сондай-ақ каскадер-шабандоздардың қойылымы (Ковач Ференцтің каскадерлер тобы) және ағайынды Оноди «жаяу от жауынгерлерінің» өнер көрсетуі.
САХНА
16:00 «Keleti Szél» тобының шараны салтанатты ашу рәсімі
17:00 «Regélő Fehér Táltosok» тобының концерті
17:30 Фабиан Золтанның концерті
18:30 Фехер Богларка және бақсылар
19:00 «Varkocs» тобының концерті
20:45 Қазақстандық «АРҚАЙЫМ» тобының концерті
22:30 Арсланбек Сұлтанбеков және ансамблінің концерті (Түркия, түркі-ноғай музыкалық бағдарламасы)
23:45 «Hajdux» би алаңы
15 ТАМЫЗ, СЕНБІ
10:00 «Шығыс базары» алаңында өзбек, түрікмен, әзербайжан және ұйғыр қолөнершілер көрмелері мен жәрмеңкелері ашылады. Сондай-ақ қазақ, қырғыз және моңғол киіз үйлері (этнографиялық көрме және жәрмеңке) таныстырылады.
10:10 Аттила ордасы (көрме өткізілетін алып киіз үй): «Ордостан Өршегке дейін. Ғұндар, түркілер және мажарлардың қазынасы» атты ауқымды археологиялық-антропологиялық көрменің ашылуы.
11:00 Түркі халықтары ордасының (көрме шатырлары кешенінің) салтанатты ашылуы.
Құттықтау сөздер:
Абдулла Ерен (TIKA президенті);
Биро Андраш Жолт (Мажар Тұран Қорының президенті);
Варга Золтан (Мажар Тұран Қорының негізін қалаушы).
18:00 Конференция шатыры: Түркі Академиясының жыл сайынғы археологиялық конгресі.
Үйлестіруші – профессор Шахин Мұстафаев (Түркі академиясының президенті). Конгреске Мажар ұлттық музейі мен Мажар жаратылыстану музейі қатысады.
ЖАУЫНГЕРЛІК АЛАҢ
09:00 «Тұран жекпе-жегі» атты көшпенді жауынгерлердің сайысы («Тұран» алаңы).
10:30 «Тұрыл құсының батасы» – сұңқар ұшыру рәсімі, бақсылардың қатысуымен, Жауынгерлік алаңды бата беру рәсімі. Рәсімді Fehér Holló Öskü бақсы жүргізеді. (Мажар Тұран сұңқаршылар қауымдастығы, «Karabaksa» қауымдастығы)
10:35 Тазылардың аңшылық қабілетін таныстыру рәсімі және жарысы. (Ұлттық тазышылар қауымдастығы)
11:00 Ат үстіндегі құсбегілік өнерінің көрсетілімі. (Крекач Золтан)
11:30 Қырғыз көшпенділерінің тұрмыс көрінісі және «Манас» жырының сахналық көрінісі.
12:00 «Көшпенділер шеруі» – Ұлы қоныс аудару дәуірін бейнелейтін тарихи көрініс (аттармен, түйелермен және арбалармен өтетін шеру). Атты әскерді Ковач Ференц, негізгі атты жасақты Ронаи Аттила, жаяу жасақты Копечни Габор басқарады.
13:00 Әскери саптық шолу – Карпат алабы мен Шығыс елдерінің дәстүр сақтаушыларының атты және жаяу әскери шеруі.
13:30 Фестивальдің салтанатты ашылуы, құттықтау сөздер және туларды алып жүру рәсімі (шабандоздардың шауып өтуімен).
Құттықтау сөз:
Кубанычбек Өмүралиев – Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы;
Сабо Ласло – Бугац қаласының мэрі;
Кюршад Зорлу – Түркі мемлекеттері ынтымақтастығы жөніндегі министрдің арнайы өкілі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты;
Юсуфжон Усманов – Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі;
Сұлтан Раев – TÜRKSOY халықаралық ұйымының президенті;
Мамабеталиев Қ. Мирбек – Қырғыз Республикасының Мәдениет министрі
Биро Андраш Жолт – Мажар Тұран Қорының президенті, шараның бас ұйымдастырушысы.
14:00 ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖАППАЙ ЖЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ – жаяу және атты садақшылардың ұлы бабалар мен Позонь шайқасының батырларының рухына тағзым ретінде бір мезгілде жаппай жебе ату рәсімі. (Мажар садақ ату федерациясының Тарихи бөлімі мен Мажар Тұран одағының ұйымдастыруымен, әйгілі садақшы Mónus József қатысуымен.)
14:40 Көшпенділердің үйлену тойы рәсімі – Қоныс аудару дәуірін бейнелейтін тарихи көрініс (қалыңдық алып қашу және үйлену тойы).
15:30 Dabasi csikósok атты шабандоздардың өнер көрсетуі.
Алаңды келесі бағдарламаға дайындау.
17:00 Felföldi Dalia Iskola жауынгерлік мектебінің жаяу әскери өнер көрсетуі (қылыш, садақ, айбалта, қамшы).
17:30 Көкбөрі (көкпар) ұлттық ойыны бойынша республикалық финалдық сайыс.
18:00 Pusztai Róka атты әскер тобының қойылымы: «Дала көшпенділерінің ізімен».
18:30 Атты шабандоздардың жылдамдық жарысы – ”Puszta vágta” бәйгесі (іріктеу кезеңі).
19:15 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
САХНА
10:00 Черник Сенде.
11:00 Ұйғыр халық музыкасы мен биі.
11:15 Гагауыз әншісі Натали Дениздің концерті.
11:30 Қырғыз халық музыкасы мен би бағдарламасы.
11:45 «Арқайым» тобының концерті (Қазақстан).
12:15 «Regélő Fehér Táltosok» концерті.
13:30–15:00 Үзіліс.
15:00 Нурийе Хусейнова мен Фазила Рахимова ансамблінің концерті (Әзербайжан).
15:30 Дағыстан халық билерінің көрсетілімі.
16:00 «Sherter» ансамблінің концерті (Қазақстан, Торғай өңірі).
17:15 «Fordulj, kispej lovam» – мажар халық би театрының қойылымы.
18:30 Түрікмен халық музыкасы мен би концерті.
19:45 Гүлқатыса Айымбетқызы және бишілер тобы (Өзбекстан).
20:45 Petrás Mária мен Guessous Majda Mária концерті.
22:30 «Kerekes Band» тобының концерті.
23:45 Арсланбек Сұлтанбеков және ансамблінің концерті (Түркия, түркі-ноғай музыкалық бағдарламасы).
01:00 «Hajdux» дәстүрлі би кеші.
СПОРТ ШАТЫРЫ
БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТ (18 жастан жоғары). Ұйымдастырушы – Мажарстанның Көкпар және дәстүрлі спорт түрлері қауымдастығы.
09:00–10:00 Қатысушыларды өлшеу.
10:30 Жарыстың басталуы.
САДАҚ АТУ АЛАҢЫ
09:00 Дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионаты.
ҚЫЛЫШТАСУ АЛАҢЫ
09:00 Көшпенді жауынгерлердің жекпе-жек сайысы (full contact ережесі бойынша, көшпенді жауынгерлердің сауыт-сайманымен). Ұйымдастырушы – Мажарстанның Көкпар және дәстүрлі спорт түрлері қауымдастығы. Жетекшісі – Nagy László («Tolnai Turán» клубы).
16 ТАМЫЗ, ЖЕКСЕНБІ
ЖАУЫНГЕРЛІК АЛАҢ
10:00 Тазылардың аңшылық қабілетін таныстыру рәсімі және жарысы. (Ұлттық тазышылар қауымдастығы)
10:30 Ат үстінде құс салу және бүркітпен аң аулау өнерінің көрсетілімі.
11:00 Ат үстіндегі күрес.
11:30 «Zengő Nyíl» атты дәстүрлі ат спорты қауымдастығының көрсетілімі. (Жетекшісі – Киш Аттила)
12:20 «Көшпенділер шеруі» – мажарлардың қоныстану дәуірін бейнелейтін тарихи көрініс (аттармен, түйелермен және арбалармен өтетін шеру).
13:30 Әскери саптық шолу – атты және жаяу жауынгерлер шеруі (ғұндар, аварлар және мажарлардың қоныстану дәуіріндегі әскери жасақтарының киімдері мен қару-жарағы).
14:00 Құттықтау сөздер: Биро Андраш Жолт – Мажар Тұран Қорының президенті, бас ұйымдастырушы; Шахин Мұстафаев – Түркі академиясының президенті.
Мажар ұлттық туы мен туыстас халықтардың туларын салтанатты алып өту рәсімі.
14:30 926 жылғы мажарлардың Ұлы Батыс жорығы – тарихи шайқастың сахналық көрінісі (атты және жаяу жауынгерлердің қатысуымен).
Шайқастың үйлестірушісі – Феледьхази Ботонд.
15:00 Көшпенділердің үйлену тойы – мажарлардың қоныстану дәуірін бейнелейтін тарихи көрініс (қалыңдық алып қашу және үйлену тойы).
16:00 «Дала халқы» атты шабандоздардың ептілік сайысының финалы.
17:00 Атты шабандоздар жарысы – «Puszta бәйгесі» (финал).
18:00 Спорттық жарыстардың қорытындысын салтанатты түрде жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
19:00 Салтанатты От жағу рәсімі: Fehér Holló Öskü жетекшілігімен.
САХНА
10:00 Хайош Эрика
11:00 Фехер Богларка және қазақ музыканттарының концерті.
12:00 Қырғыздың халық музыкасы мен би бағдарламасы.
12:45 Дағыстан халық билерінің көрсетілімі.
15:00 Csángó жастар халық биі.
15:30 Ұйғырдың музыкалық-би концерті.
15:45 Гагауыз әншісі Натали Дениздің концерті.
16:00 Түрікмен халық музыкасы мен би концерті.
16:15 Фабиан Золтанның концерті.
16:30 Гүлқатыса Айымбетқызы және бишілер концерті (Өзбекстан).
17:15 «Sherter» ансамблінің би-концерті (Қазақстан, Торғай өңірі).
18:00 Нурийе Хусейнова мен Фазила Рахимованың ансамблінің концерті (Әзербайжан).
18:30 «Regélő Fehér Táltosok» қорытынды концерті – бақсылық музыкалық бағдарламамен шараның жабылуы.
СПОРТ ШАТЫРЫ
БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТ – жасөспірімдер (15-17 жас) және юниорлар (17-20 жас) арасында.
Ұйымдастырушы – Мажарстанның Көкпар және дәстүрлі спорт түрлері қауымдастығы.
09:00-10:00 Қатысушыларды таразыға тарту.
10:30 Жарыстың басталуы.
САДАҚ АТУ АЛАҢЫ
09:00 «Тұранның үздік мергені» атты садақшылар жарысы – Kassai жүйесі бойынша.
ҚЫЛЫШТАСУ АЛАҢЫ
09:00 Көшпенділердің қылыштасу жарысы. Ұйымдастырушы – Мажарстанның Көкпар және дәстүрлі спорт түрлері қауымдастығы. Бас төреші әрі жетекшісі – Nagy László ((«Tolnai Turán»).
КІШІ АЛАҢ
09:00 «Дала халқы» атты шабандоздардың ептілік сайысының іріктеу кезеңі.
КӨРМЕЛЕР
«Аттила ордасы» – әлемдегі ең үлкен киіз үй. «Ордостан Өршегке дейін: Ғұндар, түркілер және мажарлардың қазыналары» атты ауқымды археологиялық-антропологиялық көрме.
Көрмеде Карпат алабының, Орта Азияның бірегей зергерлік бұйымдары мен қару-жарақтарының реконструкциялары ұсынылады.
Мажарстанның Ұлттық музейінің көрмелері: «Бабалар ордасы» – екі алып киіз үй. «Бабалар бейнелерінің галереясы» – ғұндар, аварлар және мажарлардың қоныстану дәуіріне жататын археологиялық олжалар негізінде жасалған бет-бейне реконструкциялары қойылған антропологиялық көрме. Бұл – археология, антропология және тарихты біріктірген бірегей ғылыми көрме.
«Бабалар садағы – садақтардың атасы» – тарихи садақтардың реконструкциялары көрмесі мен таныстырылымы. Келушілер дәстүрлі садақ жасауға қолданылатын табиғи материалдармен, шеберлік тәсілдерімен және көне құрал-саймандармен таныса алады. (Мажар тарихи садақшылар қоғамдастығы).
ТҰРАҚТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
Киіз үйлер қалашығында – көшпенділердің дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін таныстыру.
«Шығыс базары» күмбезді бас кіреберісінің алдындағы қолөнер жәрмеңкесі – қазақ, өзбек және моңғол халық қолөнер бұйымдары.
Келушілерге арналған садақ ату алаңы – лекциялар шатырының артында (Huszka József атындағы дәстүрлі мұраны сақтау қауымдастығы).
Ана мен балаға арналған демалыс киіз үйі – ақпараттық пункттің жанында, Баспасөз шатырының қасында.
Бағдарлама жүргізушілері мен дикторлар
Фаркаш Игнац – Ясаи Мари атындағы сыйлықтың лауреаты, театр және кино актері;
Вари-Ковач Петер – театр және кино актері;
Курдич Михай – ат спорты бағдарламаларының жүргізушісі, музыкалық редактор.
Ковач Ференц – атты жасақтардың жетекшісі («Nógrádi Turán»);
Вермеш Иштван – Құрметті атты әскер капитаны;
Ронаи Аттила – негізгі атты жасақтың жетекшісі;
Беньо Криштиан – Жауынгерлік алаңның үйлестірушісі.
Тарихи жарыстарға қатысатын командалар
Үйлестірушісі:
Феледьхази Ботонд.
Атты жасақтар:
Vermes Törzs
Pusztai Róka атты жасағы;
Anda Lovasharc қауымдастығы;
Szent Mihály атты жасағы;
Zengő Nyíl Тарихи садақ ату мектебі
Onogur атты жасағы;
Mecsek Lándzsája атты жасағы.
Жаяу жасақтар:
Felföldi Turán;
«Dalia» жауынгерлік өнер мектебі.
«Tolnai Turán» дәстүрлі спорт қауымдастығы.
«Csongrádi Turán» дәстүрлі спорт қауымдастығы.


